RU

Қызылордада бірыңғай формадан бас тартқан бес жасар қыз мектепке хиджабпен келді

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №266 мектептен шу шықты. Білім ұясының әкімшілігі мектепалды даярлық тобында оқитын оқушының сабаққа орамал тағып келуіне қарсылық білдірді деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Бұл жағдай ата-анасының ашуын келтіріп, әділдік іздеп саңдалуына себеп болып отыр. Орамал тағып сабаққа барған қыздың әкесі Әлімжан Байхожаев бүгінде қайда барарын білмейді. Қызылорда облысы әкімінің блогына, лауазымды тұлғаларға хат жазып, баласының құқығын таптатпау үшін бар күш – жігерін салуда.

«Қызым мектепалды даярлық тобына барады. Өз басымыз баламыздың орамал таққанына қарсы емеспіз. Қайта имандылыққа бет бұрғандығы қуантады. Бірақ мектеп әкімшілігі бұл жағдайға қарсы. Қызым бұл әрекетімен өзге оқушылар арасында ыңғайсыз жағдай тудырады дейді. Осылайша адамның конституциялық құқығын бұзып отыр», - дейді Әлімжан Байхожаев.

Бауыр еті баласы үшін шырылдап жүрген әке бірқатар заңдарды тілге тиек ете отырып, мектеп директорының жасап отырған әрекеті заңсыз екенін айтады. Оның ішінде бала құқығын бұзуға қатысты фактілер тізбектелген. Ендігі кезекте ол құқық қорғау органдары арқылы мәселені шешуді ойластырып отыр.

Орын алған жағдайға байланыста мектеп директоры да пікір білдірді.

«Бұл проблема қазір біздің жіті бақылауымызда. Бала мектепалды даярлық курсына келеді. Біз оған әрине мектеп формасын тықпалап, қандай да бір шарт қоя алмаймыз. Жасырмаймын әуел баста түсінбеушілік жағдай туындады. Қазір мәселе шешімін тауып келе жатыр. Қызға орамал тағуға рұқсат беріп жатырмыз», - дейді мектеп директоры Болат Жолтаев.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстанда президентті күткен халық үш күн бойы көше сыпырған

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259524-qyzylorda-oblysynda-bes-zhasar-qyzdynh.html