RU

Сағадиев хиджаб мәселесін шешуді мектеп директорларына ысыра салды

Жаңа оқу жылымен қатар қайта басталған хиджаб мәселесіне қатысты Білім және ғылым министрі бүгін өз пікірін айтты. Ата-аналарды екіге жарып, қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпқа Ерлан Сағадиев нүкте қояр деп үміттенген едік деп хабарлайды 31 арна.

Мәжілістен шыға сала журналистерге сұхбат беруден қашқан министр "талап бәріне ортақ" деп құтылды. Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде уланған оқушыларға байланысты да жүрдім-бардым жауап берді.

Өткен аптада "31 арна" арқылы арызын айтқан Ақеркенің мәселесі қоғамның талқысына түскен еді. Азаматтардың бірі мектептікі дұрыс десе, екіншілері оқушы қызды қолдап пікір таластырған болатын. Мектепте хиджаб кию тақырыбына қатысты құзыретті орган өкілдері талай рет мәлімдеме жасаса да, жаңа оқу жылында бұл мәселе қайталанып отырады.

Келе салып бірнеше реформаны қолға алған Білім және ғылым министрі төрелігін айтады-ау деген едік. Алайда, мәжіліс отырысынан шыға сала басқа жиынға асыққан Ерлан Сағадиев, екіұшты жауап қайтарды.

"Мектеп директорының мәселесі. Сосын ата-аналар комитеті жиналып, шешуі тиіс", - деді Білім министрі Ерлан Сағадиев.

Мектеп директорында мұндай мәселеге байланысты шешім қабылдайтындай құзырет қайдан келсін.

"Біз мектепке кіргізбей отырған жоқпыз, тек қана мектептің табалдырығына дейін орамалыңды тағып кел, содан кейін ішке кірерде орамалыңды салғызып, іштегі балалармен бірдей болып отырсын деген талап қойғанбыз. Оны ата-ана дұрыс түсінбей отыр. Біз нұсқаулыққа байланысты өз жұмысымызды атқарып отырмыз, ішкі тәртібімізді ұстанып отырмыз", - деген еді  №21 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балқаш Жақсиева.

Даудың шешімі айналып келіп Білім және ғылым министріне бәрібір тірелді. Мәжіліс ғимаратын айнала қашып құтылмасын түсінсе керек, Сағадиев мырза нақты өз кесімін айтып құтылды.

"Белгіленген формасы бар. Сол белгіленген формамен балалар жүруге тиіс. Мектепке баруға тиіс", - деп құтылды министр.

Бүгін Қызылорда облысында мектеп директорының 5 жасар қызға хиджаб тағуға рұқсат бергені анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстанда президентті күткен халық үш күн бойы көше сыпырған

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

Қызылорда облысында бес жасар қыздың мектепке хиджаб киюіне рұқсат берілді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259543-saghadiev-khidzhab-maselesin-sheshudi-mek.html