RU

Қарағандылық ару әлемдік сұлулық байқауында ел намысын қорғайтын болды (фото, видео)

Қазақстандық ару Рената Нұрғазина Қытайда қараша айында өтетін Miss World Peace халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

19 жастағы қарағандылық модель Ренатаның бойы - 176 см. Дене бітімі - 80-57-89. Модель желі парақшасында байқауға қатысатыны туралы қуанышты хабармен бөліскеннен кейін желі қолданушылары оған мақтауларын жаудырды.

"Расымен сұлу ару Қазақстанның намысын қорғайтынына қуаныштымын. Біз сіз үшін жанкүйер боламыз", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Рената "Қазақстанның екінші вице-аруы", "Қарағанды аруы - 2015" атақтарын иеленген.

Бойжеткен биология мамандығына ерекше қызығушылық танытып, оқуды қашан да бірінші орынға қоятынын айтқан. Әкесі - әскери адам.

Видео: Miss Kazakhstan

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259557-qazaqstandyq-aru-alemdik-sululyq-bay.html