RU

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

2011 жылдан Қазақстанда 64 экстремистік акцияның жолы кесілді деп жазады Қазақпарат.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті.

«Осы жылдың жазында Алматы мен Ақтөбеде орын алған қайғылы жайттар әлі де есімізде. Дегенмен, мұндай мысалдар одан да көп болар еді. 2011 жылдан бері зорлық-зомбылыққа бағытталған 64 экстремистік акцияның алды алынып, жолы кесілді. Ал осы жылдың басынан бері мұндай 9 акцияға тосқауыл қойылды. Қарапайым халық көп жиналатын орындарға, сонымен бірге құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың нысандарына және қызметкерлеріне лаңкестік шабуыл жасалуына жол берілген жоқ», - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, Ауғанстанда, Сирия мен Иракта қарулы қақтығыстар басталған сәттен бері халықаралық лаңкестік ұйымдардың лагерлерінен, сонымен қатар үшінші елдердегі тірек және транзиттік инфрақұрылымдардан Қазақстанның 45 азаматы қайтарылды. Мұнан бөлек, 33 азамат өз еркімен елге оралды. Лаңкестік әрекеттерге қатысты 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«5 жылда террористік және діни сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін 445 адам сотталды. Осы жылдың басынан бері 25 адам сотталса, шамамен 50 адам тергеу оқшаулағышында отыр», - деді Н.Білісбеков.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстанда президентті күткен халық үш күн бойы көше сыпырған

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

Қызылорда облысында бес жасар қыздың мектепке хиджаб киюіне рұқсат берілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259570-qazaqstanda-60-tan-astam-terrorlyq-arek.html