RU

Сәкен Майғазиев атақ алуға келгенде пендешілікке бой алдырғанын айтты (видео)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің ішкі жан дүниесін көрерменіне ақтарып беріп, пендешіліктің жетегіне ерген кездері болғанын жасырмай жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді.

Енді ғана тұсауы кесіліп отырған бағдарламаның алғашқы саны әнші Сәкен Майғазиевқа арналды. Төрт журналистің "шымшып" алатын сұрақтары Сәкен Майғазиевті басқа қырынан көрсетті. Әсіресе, пендешілік, ішкі есеп сияқты адам бойындағы қасиеттерге келгенде, әнші шын мәнінде пендешілік жетегіне ерген кездері болғанын жасырмай айтты. Ол халық арасында жүрген алып-қашпа әңгімелердің де растығын мойындады.

Оның айтуынша, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы осыдан бірнеше жыл бұрын ең бірінші рет Сәкенге ұсынылған екен. Сәкен өтіп тұрыпты. Бірақ, сыйлықты алып кетуге шақырған кезде, Сәкен оның Мейрамбекке берілмейтінін біліп, бас тартыпты.

"Иә, бұл рас әңгіме, мені шақырды Жас Отаннан, ұсынды. Содан кейін мен соңғы сәтте, Мейрамбектің жоғын түсіндім де, жоқ, маған керек емес дедім",  - деді әнші бағдарламада.

"Сіз шынымен Мейрамбекті шынайы түрде өзіңізден биік қоясыз ба немесе сіз қоғамдық пікірден қорықтыңыз ба?", - деген сұраққа, ол:

"Менің алдымда, Медеу Арынбаев, Лұқпан тұрғанда, Тоқтар, Мейрамбек тұрғанда мен оны қалай алар едім?!",- деген жауап қайырды. Дегенмен, осы тұста Сәкен өзінің бойындағы пендешіліктің де болғанын мойындады.

Мәселен, кейіннен "Қазақконцерт" тағы да бірқатар әншілерді қайраткерлікке ұсынып, тізімде бар орындаушыларды атаған. Тізім бойынша Мейрамбек, Кенжебек Жанәбілов, Тахмина деп т.б. әншілердің есімдері аталып кете барған. Өз есімі аталмағанын көрген әнші сол тұста әнші өз-өзіне:

"Ә, Сәкен кезінде ұсынған кезде алмап едің, енді, міне, көр", - дегенін жасырмады.

"Бір 5-6 секунд ішінде бүкіл өмірім көз алдыма келді. Бірақ, аз уақыттан кейін менің де фамилиям аталды. Сөйтсем, алфавит бойынша атап келе жатқан екен", - деген Сәкен, өзінің қандай да бір ішкі есебінің болғанын білдіріп қойды.

Естеріңізге салсақ, "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасы осы жексенбіден бастап эфирге шығады. Оған отандық эстрада жұлдыздары келіп, түрлі сұрақтарға жауап береді. Бағдарлама продюсері Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, бұл бағдарлама арқылы "жұлдыздардың" шынайы адами болмысын ашып, оларды халыққа басқа қырынан көрсету көзделіп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Қызылордада бірыңғай формадан бас тартқан бес жасар қыз мектепке хиджабпен келді

Балуан қыздардың жекпе-жектен кейінгі аянышты түрлері

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259576-saken-mayghaziev-ozininh-pendeshiligin.html