RU

Мәжіліс депутаты мұғалімдердің жалақысын мың долларға көтеруді сұрады

Парламент мәжілісінің отырысы барысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді.

Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны үкімет басшысының атына жолдады, деп xабарлайды Baq.kz.

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады.

"Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс", - дейді депутат Смирнова.

Айта кетейік, отырыста депутат Зағипа Балиева "көбелек" пен "xрустальды" балалардың проблемасын көтерді. Оның айтуынша, бүгінде ондай балаларды емдеуге қажетті ем-дом мемлекеттік реестрге кірмейді. Соның салдарынан олардың ата-атаналары шетелге барып, қыруар шығын шығаруға мәжбүр.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада бірыңғай формадан бас тартқан бес жасар қыз мектепке хиджабпен келді

Балуан қыздардың жекпе-жектен кейінгі аянышты түрлері

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259671-mazhilis-deputaty-mughalimderdinh-zhala.html