RU

Биылғы қыста Шымкент тұрғындары үсіп қалуы мүмкін

Шымкент қаласы алдағы қыста мүлдем жылусыз қалмақ. Себебі оңтүстік өңірдегі жылыту орталығының көгілдір отынға қарызы 1 млрд 686 млн теңгеге жеткен. Оны Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та растады. Осының салдарынан жылыту мекемесіне газ беру тоқтатылған деп хабарлайды 31 арна.

Оңтүстіктегі қарызға белшесінен батқан жылу орталығының мәселесі үкімет деңгейінде қарала бастады. Олай болмаған күнде Шымкент қаласының тұрғындары қақаған аязда суыққа тоңбақ. Қазір тығырықтан шығудың жолдары іздестірілуде. Шенділер Шымкенттегі 3-жылу тарату мекемесі осы айдың соңына дейін 1 млрд 686 млн теңге қарыздың негізгі бөлігінен құтылуы тиіс деп отыр. Сонда газ бұрынғысынша беріле бастамақ.

"Шымкентте қарыз өте көп болып отыр. Мәселеге облыс әкімінің назарын аудардық. «ҚазТранГаз»-ге берешек 1,6 млрд теңгені құрайды. Әкімдік меншік иесімен сөйлесе отырып, берешек қарыздарды жабуды реттеуі тиіс", - дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Облыстағы 3272 бюджеттік мекемеде 1108 кіші қазандық бар көрінеді. Оның 374-іне жөндеу жұмыстары жасалған. 13 қазандыққа күрделі, қалған 361-іне ағымдағы жөндеу жүргізілген. Мамандар жылуға қатысты әлі де бітпей тұрған нысандардың барын мойындайды.

"Бұл жерде айта кететін жағдай, әлеуметтік саладағы төрт нысан қазіргі таңға бітпей отыр. Атап айтқанда, мәдениет саласында екі мекеме, спорт саласында екі мекеме", - дейді ОҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Марғұлан Марайым.

Жылу үшін қарызы бар шымкенттіктер берешегін тез арада өтеуі тиіс. Төлемақысы бойынша есеп айырыспағандардың ісі сотқа жолдануда. «3-Қуат жылу орталығы» мекемесіне тұрғындардың қарызы 120 млн теңгеге жеткен. Міндетті төлемдерден жалтарған азаматтардың ісімен қазір жеке сот орындаушылары айналысып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259693-biylghy-qysta-shymkent-turghyndary-usip.html