RU

Кенталдың Төреғалиден ән ұрлағаны рас па? (видео)

Жұрт әнші Кенталды Төреғалидің "Алло" әнінің орындау техникасын ұрлап алды деп айыптап, әнші өзінің "кінәсіз" екенін дәлелдеп шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтып берді.

"Көбісі мені "Алло" (Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің орындауындағы) әніндегі "диалог" техникасын ұрлап алып, оны Сандамен бірігіп айтқан "Прости, мне очень жаль" әнінде қолданды деп айыптайды. Сіздер де солай ойлайсыздар ма?", - деп жазған әнші, бастапқыда оқырмандарының пікірін біліп алды. Қолданушылардың дені Кенталға олай ойламайтынын және Санда екеуінің әнін нағыз еңбек деп бағалады.

"Кәсiби сахна әншiсi, әуесқой той әншiсiнен бiрдеңе ұрлады деу ақылға сыймайды", - деді бір қолданушы.

Дегенмен, қос дуэттің әнінде ұқсастық бар екенін байқағандар да табылды.

Дәл осы тұста, Кентал видео жариялап, екі әннің пайда болу уақытын салыстыру арқылы, өзінің ұрлықтан "таза" екенін дәлелдеп шықты.

«Кез келген жайт салыстыру арқылы танылады. Ал онда салыстырып көрейік", - деп жазды әнші. Мәселен, "Алло әні 2015 жылғы 29 қарашасында жарыққа шықса, 2014 жылдың 4 қарашасында жарық көргенін" көрсетіп берген әнші айырмашылық 1 жыл 25 күнге тең екенін де айтты.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Қызылордада бірыңғай формадан бас тартқан бес жасар қыз мектепке хиджабпен келді

Балуан қыздардың жекпе-жектен кейінгі аянышты түрлері

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259776-kentaldynh-toreghaliden-urlaghany-ra.html