RU

Алматыда КамАЗ Тойота көлігін жаншып тастады (фото)

Алматыда Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып қалды деп жазады Қазақпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апаты Райымбек көшесінің шығыс бағытында «Арзан» супермаркеті тұсында сағат: 13-45-те болған.

Тойота көлігінің рөлінде жас қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, ол ортаңғы қатардан сол жақ қатарға ауыспақ болған. Бірақ, дұрыс бұрылмағандықтан жүк көлігіне соғылған.

КамАз оны жол ортасындағы қоршауға соққан. Жол апатынан Тойота жүргізушісі зардап шекті. Бірақ ол медициналық көмектен өз еркімен бас тартты.

Әуезов аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері жол апатының себебін анықтайды.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сәкен Майғазиев атақ алуға келгенде пендешілікке бой алдырғанын айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259933-almatyda-kamaz-toyota-koligin-zhanshyp.html