RU

Биік тақалы туфли киген келіншек көпшіліктің көзінше сальто жасады

Голливудтағы танымал каскадер әйел Джесси Графф «Эмми» жүлдесін табыстау рәсіміне ел қатарлы ұзын көйлек пен биік тақалы туфли киіп келген болатын.

Бір кезде әріптестері оған әзілдеп, сол тұрған күйі кульбит жасап беруді сұрапты деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай ұсыныстан бас тартпаған Графф аяқтарын бірінен соң бірін аспанға көтеріп, артқа қайырыла секіріп, кілемге қолдарымен қонды да бойын тіктеп алды.

Каскадер әйел бұл трюкті артынша Instagram парақшасына жариялады. Жалпы 32 жастағы Джесси Графф киноға түспес бұрын гимнастикамен кәсіби түрде айналысқан.

Графф «Трансформеры», «Люди Икс: Первый класс», «Железный человек 2» фильмдерінде трюктерді орындап, әйел адам үшін жеңіл деуге келмейтін осы мамандықтың шебері атанды.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сәкен Майғазиев атақ алуға келгенде пендешілікке бой алдырғанын айтты (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259939-biik-taqaly-tufli-kigen-kelinshek-kopsh.html