RU

Шымкенттік полицей мүгедектердің орнына көлігін қоямын деп ұятқа қалды

Шымкентте полиция қызметкері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға көлігін қойғаны үшін 106 мың теңге айыппұл салынды. Оны бір қала тұрғыны суретке түсіріп алып, əлеуметтік желіге жариялап жіберген, деп хабарлайды BNews.kz.

Енді полиция қызметкеріне 50 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

«Заңды бұзған полиция қызметкерінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл әрекеті үшін ол 50 АЕК мөлшерінде, яғни, 106 мың теңге айыппұл төлейді. Инспектор бұл әрекетін жұмыс күнінің соңына қарай шаршап, көлігін қоюға келгенде мүгедектерге арналған белгіні байқамай қалғанын айтады. Осы орайда азаматтардың қызметіне қарамай, заңның баршаға ортақ екенін тағы бір еске саламын», - дейді Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.

Тағы оқыңыздар:

Желі қолданушысы Қайрат Нұртасты тыңдайтын адамдарды қойға теңеді

ОҚО-да рулас қарындасын зорламақ болған жігіт бүтін ауылды дүрліктіріп отыр (видео)

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

Алматыда КамАЗ Тойота көлігін жаншып тастады (фото)

Сәкен Майғазиев атақ алуға келгенде пендешілікке бой алдырғанын айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260015-shymkenttik-policey-mugedekterdinh.html