RU

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Каталондық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси команданың мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойынында жарақат алып қалды.

Клубтың ресми сайты аргентиналық футболшының алдағы үш аптада алаңға шықпайтынын хабарлады деп жазады Массагет.

Лионель Месси «Атлетикоға» қарсы ойынның 55 минутында жарақат алған болатын. Оны Арда Туран алмастырған еді. Футболшы шап бұлшықетін жарақаттап алған.

«Барселонаның» үздік ойыншысы алдағы үш аптада ла лигада «Спортинг» пен «Сельтаға», Чемпиондар лигасында менхенгладбагтық «Боруссияға» қарсы ойнамайды. Сондай-ақ, Аргентина құрамасының 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Перу және Парагвай құрамаларына қарсы өткізетін ойынына қатыспайды.

Айта кетейік, кеше «Камп Ноуда» өткен «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Тағы да оқыңыздар:

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260302-zharaqat-alghan-messi-ush-apta-boyy-alanhgh.html