RU

Шашының түсін ақсары ғып өзгерткен Еркені жұрт танымай қалды (фото)

Танымал әнші шашының түсін өзгертіп, оны көрген тыңдармандары әншіні танымай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерке Есмахан сары шашты сұлуға айналды. Әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа суретін жүктеп, оны көрген қолданушылар таң қалысты.

Олар суреттегі қыздың Ерке екеніне күмән келтірді, Себебі, Есмахан осы жолы қара шашын ақсарыға өзгерткен. Мұндай өзгерісті оқырмандар күтпесе керек, олар жаппай пікір білдіруге көшті. Кей желі қолданушылары жаңа шаш үлгісі мен түсінің Еркеге жараспайтынын айтты.

"Өз қара шашың дұрыс, мына парикпен өзіңді "түсірме", "Жараспайды, орыстардың жаман қыздарына ұқсап қалдың, қолдамаймын", "Орыстың қызы боп кеттің, болмаса шет елден келген бикештей көрінесің",  "Парик қой, астынан қара шашың көрініп тұр", - деп жазды олар.

Дегенмен, оның бұл жаңа шаш үлгісін ұнатып, жарасымды-ақ дегендер де аз болмады.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кетті

Желі қолданушысы Қайрат Нұртасты тыңдайтын адамдарды қойға теңеді

ОҚО-да рулас қарындасын зорламақ болған жігіт бүтін ауылды дүрліктіріп отыр (видео)

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

Қарны ашқан пингвин тұрғындардың ас үйін талқандап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260316-shashynynh-tusin-aqsary-ghyp-ozgertken-er.html