RU

Отандық продюсер "MuzZone" байқауындағы былықтарды жайып салды

Отандық продюсер Алуа Қонарова күні кеше өткен Еуразиялық музыкалық сыйлығы байқауының ұйымдастырушыларына сын айтып, енді өз әртістерін оған қатыстырмайтынын ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазды.

Ол бұл байқауда еленіп, орын алғандарды құттықтады. Сонымен бірге, продюсер байқауда өзінің қарамағындағы әншілерге әділетсіздік танытты деген пікірін аңғартты.

"Мен байқаудың лайықты жеңімпаздары - Ninetyone, TheJigits, Кешyou топтарын шын жүректен құттықтаймын. Бұл сыйлықты алуға лайық жеңімпаздарының атын атамай кетсем кешірім сұраймын. Мен салтанатты рәсімге қатыспағандықтан, онда кім болғанын білмей отырмын", - деп жеңімпаздарды құттықтаған ол бұл байқауда өзара келісу орын алғандардың болуы көңіліне қонбайтынын айтты.

"Менің ойымша, кейбір жеңістер орынды берілген жоқ. Бірақ, сыйлықтың аты дардай Еуразиялық болған соң, мұнда өзара келісу секілді деген нәрсе болмауы керек.

Осы тұста, байқаудың ішкі ұйымдасуына қатысты жеке тағар сыным бар. Ақыры әртістерді шақырдыңдар екен, онда өткізу қағаздары немес тізімдер қолда болуы керек. Әйтпесе, тізім болмағандықтан әртістерді сахнаға жібермейтін күзетшілерге тап болуың мүмкін. Ал сахнаға шығып келген соң, тіпті бет әрлеу бөлмесіне кіргізбей қойған", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, ол байқаудағы дыбыс операторына да шағымданды.

"Менің қыздарым сахнаға шыққан кезде музыка дыбысын бірнеше есеге дейін ақырындатып тастаған дыбыс операторына да айтар шағымым бар. Сенімділікпен айта алмаймын, бірақ ол осыны дәл олар шыққан кезде қасақана істегендей көрінеді.

Өте жағымсыз жағдай орын алды, бұл жағдай артынан із қалдырып, менің әртістерім ендігәрі бұл байқауда қатыспайды деген айқын сенімділік пайда болды", - деп білдірді ол наразылығын.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Қызылордада бірыңғай формадан бас тартқан бес жасар қыз мектепке хиджабпен келді

Балуан қыздардың жекпе-жектен кейінгі аянышты түрлері

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260342-otandyq-prodyuser-muzzone-bayqauyndaghy-byly.html