RU

Баян Есентаева салтанатты кештерде қайта төбе көрсете бастады (фото)

Отандық продюсер Баян Есентаева кеше, 22 қыркүйек күні Алматыдағы "Muzzone" арнасы ұйымдастырған салтанатты рәсімге қатысып, көптің көзіне түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

"ЕМА-2016" жыл сайынғы жүлдесі "Алматы арена" мұз сарайында өтті. Оған әншілердің түгел дерлігі қатысып, тамашалау үшін 10 мыңға жуық адам келген.

Баян Есентаеваның продюсерлігіндегі "КешYou" "Ең үздік қыздар тобы" аталымы бойынша жеңіске жетті. Қыздарды мұндай маңызды шарада қолдау үшін Баян Есентаева өзі келуді шешіпті.

Оның бұл шешіміне оның "қыздары" да дән риза болысты. Олар өздерінің желідегі парақшасында бұл жаңалықпен бөлісіп, қуаныштарын жасырмады.

"Алақай! Бүгін бізге қолдау көрсетуге сүйікті продюсеріміз, қамқоршымыз Баян Есентаева келді!", - деп жазып қойды ол.

Желі қолданушылары Баянның бойындағы қайсарлықты айтып, тәнті болды.

Маусымның 10-ы күні орын алған жағдайдан соң, денсаулығының әлі де қалпына келе қоймағанын өз аузымен айтқан продюсер салтанатты кеште суретке түсіп, қыздарға барынша қамқорлығын көрсетті.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260586-bayan-esentaeva-saltanatty-keshterde-q.html