RU

Жігітті көпірден секіруге үгіттеген бойжеткен өз әрекетін түсіндіріп берді

Көпірден секірмекші болған жігітті немқұрайлықпен видеоға түсіріп алып, желі қолданушыларын өзінің қатыгездігімен таң қалдырған видео авторы өз әрекетін түсіндіріп берді деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен әңгімеге айналды. Олардың көбі екі қыздың әрекетін арсыздық және қатыгездік деп бағалаған болатын.

"Бұл қоғамның азғындауы! Түсіріп тұрғандар да, жанынан бей-жай қарап өтіп кеткендер де. Өзіне қатысы жоқ нәрсеге алаңдамаушылық бұл. Немқұрайлылық жанға табады!", "Адам құлап өлсе - күлеміз, Iphone құлап түссе - жылаймыз!", - деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

Алайда, қыздар жағына шығып, жігітті шығарып алуға олардың бәрібір де күші жетпес еді дегенді айтқандар да болды.

Видеоға түсіргендердің бірі әлеуметтік желіге шағын жазба қалдырды. Онда ол өзінің бұл әрекетін түсіндірмек болды.

«Қызық болса, өзімнің ұстанымымды айтайын. Өзіне өзі қол салатындар - түкке тұрғысыз жандар. Оларды қай заманда да жек көрген. Егер христиан діні тұрғысынан алар болсақ, оларды жалпақ жұртқа арналған бейітке қоймайды. Сондықтан, суицид - қоғам дерті, ал мұндай дерті барларға біз күле қарауымыз керек. Бұл бір", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, олар бәрібір ол адамға көмектесе алмас еді.

«Екіншіден, көмектесу біздің қолымыздан келмеді. Ішімдікке тойып алған еркекке екі қыз не істей аламыз? Жанына барсақ, бізді ұрып жібермесіне кім кепіл болады? Үшіншіден, бұның бәрі өтірік болған, ол жай ғана елдің назарын өзіне аударғысы келді. Оны ешкім итерген жоқ, біз тіпті оған секірме деп айқайладық та. Ал өз арамыздағы әңгіменің ешкімге қатысы жоқ. Мүмкін, ол суға шомылмақшы болған шығар. Күн ысып тұрған сол күні", - деп қосты автор.

Психолог мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасында бұл жайт кеңінен таралып келеді.

«Бұл өте өзекті мәселе және онымен жұмыс жасау керек. Қазіргі жасөспірімдердің біраз бөлігі басқа адамдардың сезімдерін, көңіл-күйін бөлісуге қауқарлы емес. Өкінішке қарай, қазір бұл көптеп кездесіп жүр. Сырттай қарағанда, мұны қатыгездік деп түсінуге болатын шығар, бірақ олар барлығын басқаша қабылдайды. Қыздар мұның барлығын ойын деп ойлап, жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсінбеген", - дейді психолог Ольга Пак.

Бұл мәселе заңгерлер үшін де күрделі болып көрінді. Олардың айтуынша, роликті түсірген қыздарды жауапкершілікке тарту оңай емес.

«Бізде "өзін өзі өлтіруге жеткізу" деген қылмыстық-құқықтық құрам бар. Ол бойынша бір адам өзінің әрекеттері арқылы екінші адамның суицид жасауына немесе оны жасауға әрекеттенуге себепкер болады", - деп түсіндіріп берді заңгер Аксана Каленова.

Оның айтуынша, егер жігіт оны мазақ етіп тұрған екі қыздың емес, өзінің қандай да бір проблемаларының кесірінен көпірден секірмек болса, онда қыздарды жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

"Көмек көрсетпеу" деп те жауапкершілікке тарта алмайсың. Себебі, заң бойынша көмек көрсету бойынша міндеттеме арнайы даярлығы бар белгілі бір тұлғаларға ғана артылған. Қарапайым жүргіншілер бұл топқа жатпайды",- деп түсіндірді Каленова.

Алайда, заңгер Алексей Божковтің пікірінше, роликтегі жігіт бұл видео авторларын анықтап, азаматтық тәртіппен сотқа жүгіне алады. Ол қыздардан өзінің рұқсатынсыз видеоны жариялап жібергендері үшін моральдық шығын келтіргенін алға тартып, өтемақы ала алады деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізге салсақ, Өскемендегі Үлбі өзенінің көпірінде жас жігіт көпірден секірмек болған. Бұл жайтты екі бойжеткен таспаға жазып алып, әлеуметтік желіге салған. Видеоға олардың жігітті көпірден секіруге үгіттегендері жазылып қалған.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260634-zhigitti-kopirden-sekiruge-ugittegen.html