RU

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Мұны қоғам қайраткерi, Бауыржан Момышұлының келiнi Зейнеп Ахметова «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында айтты деп хабарлайды BNews.kz.

«Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Өзiмiздiң салтымыз бар, өзiмiздiң дәстүрiмiз бар. Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған. Менiңше, адамдардың көбi қоғамда өздерiнiң ерекшелiгiн көрсету үшiн осылай iстеп жүр. Мен өз басым, кiшкентай қыз баланың басын тұмшалап, орамал немесе хиджаб салып қойған дұрыс емес деп есептеймiн. Өйткенi, ол ертеңгi күнi өзi таңдауы керек. Баланың iшкi жан дүниесi, Құдайды iздеуi, Алланы түсiнуi, соның барлығы келген кезде ол өзi таңдау жасайды. Бiздiң қоғамда екi көзбен көрiнетiнге сенемiз, ал тылсымға сене бермеймiз. Сыртқы көрiнiс, сыртқы елiктеу. Дiндi ұзын, қысқа көйлек киген секiлдi «модаға» айнылдырып алған», - дейдi Ахметова.

Қоғам қайраткерiнiң айтуынша, бұның барлығы қазақтың тұтастығын, қазақтың ынтымағын бұзу үшiн iстелiп жатқан дүние.

«Әйтпесе, атам заманнан келе жатқан салт 25 жылдың iшiнде дұрыс болмай қалды, оның барлығы дiнге қарсы болып қалды дегенге қарсымын. Қазақ салтының дiнге қарсы ештеңесi жоқ. Ата дәстүрiмiзден алыстасақ, құрдымға кететiн жерiмiз сол болады», - дейдi Ахметова.

Қымбат Елтайқызының материалы.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260654-momyshulynynh-kelini-qazaqtynh-qyzdary-ku.html