RU

Қарағанды әкімі сайтта отырып сынайтын жазғыштарды «жекпе-жекке» шақырды

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров сыннан қорытынды шығаруға әзір, бірақ сын орынды болса игі дейді. Жергілікті басылым сайтында сыни пікір қалдырып, аузына келгенін жазатын «жазғыштарды» қала басшысы Қоғамдық кеңеске келіп, ашық диалог өткізуге шақырды деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен сіздердің сайттың тұрақты оқырманымын, - деді Нұрлан Әубәкіров «Новый вестник» басылымының тілшісімен тілдесу барысында. – Ондағы пікірлерді оқи отырып, оларға (пікір қалдырғандарға – агент.ескерт.) «Шынымен біздің қалада, елімізде бәрі соншалықты жаман ба?» деп сұрағым келеді. Мен өзім оптимистпін. Сондықтан өзге елдермен салыстырғанда бізде әлдеқайда жақсы дер едім. Әсіресе, президентіміздің байсалды саясатының арқасында. Бұл жалаң сөз емес. Мен ешбір жұмыс мінсіз, сынсыз жүрмейтінін жақсы білем. Кез-келген жағдайда «тырнақ астынан кір табатындар» бар – жеке пайда мақсатында немесе мансап үшін. Тек сын айтуда адамның жеке басына тиісудің қажеті жоқ. Пікір қалдырушылар сынасын, тек жеке абыройыма тіл тигізетіндей шектен шықпасын. Бұл менің жеке кеңесім».

Шаһар басшысының айтуынша, кей «жазғыштар» монитордың арғы бетінде отырып алып, күші мен қуатын бос дүниеге жұмсауда. Оны пайдалы іске салса тиімді болар еді дейді. Осы мақсатта әкім оларды Қарағандының Қоғамдық кеңестеріне қатысуға шақырды. Қала өміріне жаны ашып, айтатын сындары болса жанашырлығын виртуалды өмірде емес, шынайы жиында көрсетсін дейді ол.

«Мен сыни пікірдегі жазғыштарды диалогқа шақырамын. Мен қағазсыз сөйлей алатынымды өз көздерімен көрсін. Адам жайдан-жай мектепті «4» пен «5-ке» және ҚарМУ-ды «қызыл дипломға» бітірмейді. Дәл осылай жазыңыз. Мен олармен тілдесуге дайынмын. Тек олар «Мал» («Животное»), «Тентек» сынды никтермен жасырынбай шынайы келбеттерін көрсетсін. Ата-аналары қойған есімдері бар шығар. Бірақ, «мал» немесе «тентек» болып қалғылары келсе, өз еркі. Маған осы сөзім үшін ренжімес. Қоғамдық кеңеске келіңіздер, керісінше, бұл бізге үлкен көмек. Біз аңғармай жататын проблемалар барын жасырмаймын. Кемшіліктер бар. Бірақ бұл жұмыстың жүріп жатқанын көрсетеді. Себебі ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді», - дейді әкім.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260694-qaraghandy-akimi-saytta-otyryp-synayt.html