RU

Балаларына қатыгездік көрсеткен Брэд Питт ФБР назарына ілікті

Брэд Питтің өз балаларына қатыгездік көрсетуіне қатысты іс АҚШ Федералдық тергеу бюросының (ФБР) назарына ілікті деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы «РИА Новости» Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

ФБР өкілі Лора Эмиллер хабарлағандай, ведомство актердің балаларға қатыгездік көрсетуіне қатысты БАҚ-та жарияланған ақпараттар бойынша дербес тергеу жұмыстарын бастау мүмкіндігін қарастырып отыр. Питқа балалары және жары Анджелина Джолимен бірге ұшақпен ұшу кезінде ашуға ерік берді, ауызша және физикалық тұрғыда дөрекілік көрсетті деген айып тағылып отыр.

Осыған дейін TMZ ақпараттық порталы Питқа қатысты тергеуді Лос-Анджелес полициясы бастағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, аптаның ортасында Джоли ажырасу үшін құжаттарын тапсырған. Өз шешімін ол «ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктермен» түсіндірді.  Сондай-ақ, актриса соттан алты баласын өзінің қамқорында қалдыруды сұрады. Бұл ретте, Питқа балаларын көруге рұқсат беріледі, заң тұрғысында ол  балаларына қамқорлық құқығын сақтап қалады.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1260784-bred-pittinh-balalaryna-qatygezdik-ko.html