Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалудың орнына шаршап қайтқан ақтөбелік әйел туристік агенттікті сотқа берді

Опубликовано:

Жазғы демалысының шырқы бұзылған ақтөбелік әйел туристік агенттікті сотқа берді. Шағымданушының айтуынша, ол үш жұлдызды қонақ үйге 1.800 доллар төлеген.

Алайда іс жүзінде бәрі керісінше болып шыққан деп хабарлайды Kerek-info.kz.

46 жастағы әйел қызымен және ұлымен бірге биыл жазда Черногорияға барады. Алайда шетелге жасаған он күндік саяхаты азаппен бірдей болған. Туристік агенттіктің қызметі көңілінен шықпаған әйел демалудың орнына шаршап қайтқанын айтады.

"Отбасыммен демалу үшін үш жұлдызды қонақүйге тапсырыс бердім. Алайда Черногорияға келгенде ондағы өмір сүру деңгейі бізді шошытып жіберді. Мен бастапқыда мұндай жерде демалмағандықтан, үш жұлдызды қонақүй осындай болатын шығар деп ойладым. Құдды бір жатақхана секілді, тамақ алу үшін тарелкемен ұзын-сонар кезекке тұрасың. Мен бұл туралы Ақтөбедегі туристік фирманың директорына хабарладым. Ол Алматыдан жауап келетіндігін айтты. Ондағылар маған жолдама рәсімдеген кезде қонақүй үш жұлдызды болды, кейін екі жұлдызды болған деп жауап берді. Алайда бұл сөзді қонақүй әкімшісі растаған жоқ. Олар қонақүйдің ешқашан екі жұлдызды болмағанын айтты", - дейді ашынған әйел.

Демалысының шырқы бұзылған әйел өзін алдап соққан туристік агенттіктен 500 еуро талап етіп отыр.

"Туристік саяхат жасауға тапсырыс берген едік. Біз орналасқан қала елдің шетінде орналасқан. Келісімшартта жол жүру ақысын қабылдаушы тарап төлейді деп көрсетілген. Соған қарамастан, біз қаланың келесі шетіне жету үшін таксиге өз қалтамыздан 52 евро төлеуге мәжбүр болдық. Менен үш жұлдызды қонақүйдің ақшасын алған. Алайда маған екі жұлдызды қонақүй ұсынды, сәйкесінше оның бағасы да арзан. Сондықтан, мен 352 евро көлемінде материалдық шығын талап етем. Туристік фирма кінәларын мойындамай, мені кінәлі қылып отыр. Сол үшін сотқа беруге шешім қабылдадым. Моральдық өтемақы ретінде әр адамға 50 евро талап етем", - дейді ол.

Сот отырысына жауапкер келген жоқ. Сол себепті кезекті процесс 3 қазанға қалдырылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1261457-demaludynh-ornyna-sharshap-qaytqan-aqto/

pixel