RU

Мешіттің алдында жартылай жалаңаш билеген әнші кешірім сұрады

Татарстандық әнші Резеда Ганиуллина мұсылман өкілдері мен әлеуметтік желідегі азаматтардың наразылығын тудырған бейнебаянын YouTube желісінен алып тастады.

Бұл туралы rg.ru-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Татарстан Республикасының муфтиінің бірінші орынбасары Рустам Батровтың айтуынша, әнші мұндай шешімді мұсылман өкілдерінің өтініші бойынша қабылдаған.

«Муфти Камиль хазрат Самигуллин шиеленістерді бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Ол маған Резеда Ганиулинамен кеңесіп, мешіт жанындағы бейнебаянды алып тастау жөнінде өтініш білдіруді тапсырды. Менің өтінішімді әнші қабыл алып, жағдайдың осылай болғаны үшін кешірім сұрады», - деп келтіреді Батровтың сөзін ТАСС тілшісі.

Сонымен қатар муфтидің орынбасары өздерінің бұл әрекетті қасақана жасалған емес, кейбір мәселерді түсінбегендіктен болған жағдай ретінде қабылдайтындығын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Татарстан әншісі Резеда Ганиуллинаның мешіт жанында билеп түскен бейнебаяны жарияланып, ол әлеуметтік желіде азаматтардың наразылығын тудырған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261467-musylmandardynh-ashuyn-keltirgen-anshi.html