RU

Жамбыл облысында «хрусталь бала» жомарт жандардан көмек сұрап отыр

Жамбыл облысында сирек кездесетін ауруға шалдыққан бес жасар бала көмекке мұқтаж. Бақдәулет Жаңабердіге «жетілмеген остеогенез» диагнозы қойылған. Оның сүйегі морт сынатындықтан қозғалудың өзі қауіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Полицей болуды армандайтын Бақдәулеттің жасы бесте. Оның ой-өрісі жақсы дамығанымен жүріп-тұруы мұң. Тек жамбасын сүйретіп қозғалатын балақайға артық қимыл жасау қауіпті. Сондықтан анасы өз еркімен жұмыстан шығып, ертелі-кеш баласының соңында жүреді.

Бақдәулеттің аяғы туғанына екі апта болғанда алғаш рет сынған. Кінәні өзінен көрген әйел оған аса мән бермей емдетіпті. Алайда одан кейін сүйектерінің сынуы жиілеп, үш жасына дейін екі мәрте ота жасатқан. Бірақ нәтижесіз. Гүлнұры Мырзахметова ұлының қол-аяғының неше рет морт кеткені есінде жоқ.

"Былайша айтқанда, екі жарым жасына дейін, мен операция жасатқанға дейін 28 рет сынды. Қолы бар, аяғы бар. Дәрігерлер айтады: сіздің көзіңізге көрінбей жатқан қаншама сынық бар дейді. Кейде иықтарын көтере алмайды, кәдімгідей төмен түсіп кеткен", - дейді Бақдәулеттің анасы Гүлнұры Мырзахметова.

Анасы Бақдәулетке жүруді үйреткісі келеді. Алайда баласы сүйектері жиі сынатындықтан екі тірсегіне темір салынса да табанын тіреуге жүрексінеді. Отандық дәрігерлер бұл аурудың алдында дәрменсіз екенін мойындаған. Осы жасында ем қомбайтынын ескерткен ақхалаттылар есейгенде ауруынан айығуы мүмкін екендігін айтқан. Алайда Гүлнұры бауыр еті баласын ер жеткенше еңбектетіп қойғысы келмейді. Сондықтан шетелдік мамандарға жүгінген.

Қытайдағы клиникадан шақырту алған ананың қуанышында шек жоқ. Бар үміті соларда. Алайда Бақдәулетті емдету үшін 7 млн теңгеге жуық қаржы керек. Тұрмысы төмен отбасының мұнша ақшасы жоқ. Ауылдастары шамасына қарай теңге жиып бергенімен жеткіліксіз. Сондықтан жомарт жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Отбасының телефон нөмірі: +7 777 464 53 48; +7 (726 44) 2 01 03

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261496-zhambyl-oblysynda-khrustal-bala-eld.html