RU
Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мал сатып жүрген үш жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Ұзынағаштағы мал базарына бақандай 40 бас ірі қараны алып шыққан ағайындылар сол күйі ауылдарына оралмаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Жігіттердің әлдебіреулермен бағаға келісіп, мал тиелген екі жүк көлігімен тауға қарай кеткенін көргендер бар. Тек сол көліктердің бірі бос күйінде тау арасынан табылса, екіншісін тіпті өртеп жіберіпті.

Малымен қоса жоғалғандардың базардан мініп кеткен көліктерінің бірі қазір Алматы облысындағы ауыл арасындағы жолдардың бірінен табылып отыр. Жем-шөбі ішінде сол күйі жатыр.

Көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі алып тасталынған. Артқы нөмірін де шешпек болғаны көрініп тұр. Ішінде киім-кешек, малдың қоршауы да тұр. Тек ірі қараның өзі мен иелері жоқ. 40 бас сиырды өткен демалыста Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды жігіт әкелген екен. Содан бері ешқайсынан хабар жоқ. Қамкөңіл жақындары олардың тірі екеніне сенімді. Сондықтан аман-есен қайтарса деп сұрап отыр.

"Малын қайтеміз енді. Ол адамдар қателескен шығар, жаза басқан шығар. Оларды жазаға тартпаймыз. Бізге адам керек, отбасына аман-есен оралса болғаны. Балалары улап-шулап жатыр, өте ауыр халде, аналары ауруханаға түсіп қалды", - дейді жоғалғандардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы.

Үш бірдей ұлынан көз жазып қалған әке өзін қоярға жер таппай жүр. Айтуынша, балалары бес жылдан бері мал саудасымен айналысып келеді. Бірақ, малдың иесімен қоса жоғалуы бұл бірінші жағдай екен. Айдаладан табылған көлікті көргенде бауырлары шыдай алмай жылап та жіберді.

Ал екінші көлік осы арадан 15 шақырым жердегі Қаншеңгелді ауылының маңынан өртенген күйі табылып отыр. Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар 40 бас ірі қараны түгел сатып аламын деген адаммен 6 миллион теңгеге келіскен екен. Бірақ, әлгі сатып алушы «ақша үйде» деген сылтаумен жігіттерді өзімен ерте кеткен.

Жарқынбек Долданов, Қаділбек Әлемхан мен Мұқият Зарылқанның әрқайсысының үшеуден бала-шағасы бар екен. Ең кішісі небары 1 жаста. Полициядан бөлек жоғалғандарды жора-жолдастары мен туыстары жабылып іздеп жүр. Сорақысы сол, күдіктілер тау арасымен кетіп, тіпті тас жолдағы қаптаған бейнекамераға да түспеген.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Сіздің реакцияңыз
54
7
7
42
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel