RU

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Елімізде жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтаратындар банк картасын да қолдана алмайтын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені, Ішкі істер министрлігі жауапсыз жүргізушілердің есеп шотын жауып тастамақшы. Сөйтіп, қарызын төлемей қашып жүргендердің банк картасы бұғатталып, оған түскен айлығын да ала алмайды.

Тек, айыппұлын өтеген соң карта бұғаттан шығарылмақ. Жалпы өтелмеген қарыз, төленбеген салық және айыппұл болса, шетелге шығуға да тыйым салынған. Ішкі істер министрлігі берешегі барларға қатысты заңды бекер күшейтіп жатқан жоқ. Өйткені бір ғана Астанада жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 800 миллион теңгеден асқан. Оны да қайтару қиямет-қайым боп тұр.

"Жол ережесін бұзған адам жұмыс орнын жасыратыны белгілі. Егер ол айыппұл төлемесе, біз Зейнетақы қоры арқылы оның жұмыс орнын анықтап, басшысына ескертеміз. Егер жалақысының бір бөлігін қарызын төлеуге бөлмесе, іске сот орындаушылары араласады. Олар банк картасын бұғаттайды", - дейді Астана қалалық ІІД ЖПБ бөлім бастығы Тахир Әбдірахманов.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261657-qazaqstanda-ayyppul-tolemesenh-aylygh.html