RU

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Ақтөбеде жұрттың мазасын алған қаңғыбас жындыханаға жатқызылды. Қоғамға қауіп төндіргендіктен дәрігерлер оны құжатсыз-ақ емдемекші. Бұл жігіттің ауруы кезбелік өмірдің кесірінен қозып кеткен көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Сондықтан не істеп не қойғанын білмейді. Тіпті, іш киімін шешіп, қоқыс жәшігімен де жыныстық қатынасқа түсіп, тұрғындарды шошытқан еді. Өзінің айтуынша, аты-жөні Тимур Лян. Кәріс жігіті Қарақалпақстанда туған болуы мүмкін.

Ел бойынша сұрау салып, анықтама жинаған дәрігерлер оның бұрын сотталғанын ғана анықтапты. Кісі тонағаны үшін Жаңаөзен мен Алматы түрмелерінде жазасын өтеген. Ол жақта да ауырып, жабық мекеменің жанындағы ауруханада ем алыпты.

"Бұрын да қылмыс жасап сотталған. Бірнеше жерде осылай көшіп-көшіп келген де, Алматыда болған. Алматыда қазір ақпарат алдырып жатырмыз", - дейді Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Ғабдрахманова.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)

Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын

Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261664-aqtobede-qoqys-zhashigimen-zhynystyq-qa-3.html