RU

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бәрі барына Аллаға шүкіршілік етті

СҚО-ның қоғам өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бәрі барына Аллаға шүкіршілік етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.

"Келе жатып 25 жыл бұрын бізде не болды деген ойға баттым. Мен қазақстандықтар өз тарихында бүгінгідей еркін, бейбіт өмір сүріп көрмеген деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біз дами отырып, әлемге танымал болдық. Бұған бәріміз бірігіп қол жеткіздік. Тұрақты, бір-бірін сыйлай білетін біздің елге өзгелер тәнті болуда", - деп сөзін бастады президент  кездесу барысында.

Мемлекет басшысы өзге елдерде жағдай көңіл көншітерлік еместігін алға тартты.

"Бұған қол жеткізе алмаған елдерде күн сайын адам өлімі, соғыс болып жатқанына етіміз де үйреніп бара жатыр... Тіпті Гремания, Франция, Ұлыбритания, Италия секілді ірі мемлекеттердің де 10 млн халқы жұмыссыз отыр... Осы тұрғыда әр елдегі басты мәселе - жұмыссыздық", - деп әлемде болып жатқан қиындықтарды тізбектеді президент.

Назарбаев тәуелсіздік жылдарынан кейін елдің жағдайы оңала түскеніне шүкіршілік білдірді.

"Біз Тәуелсіздік жолымызды 94-95 жылдары бастап жатқанымызда 40 пайыз қазақстандықтар кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүрді. Біз оны екі пайызға дейін түсірдік. Яғни қалмады деуге де болады... Осының бәріне қарай отырып, бүгінде өз нанымыз, өз энергиямыз және қалғанының бәрі де барына Аллаға шүкір дей аламыз", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261684-nursultan-nazarbaev-elimizdi-bari-ba.html