RU

Қазақстандық боксшы Өзбекстан боксшысымен төбелесіп қалды (фото)

Нұрсұлтан Итанов 24 қыркүйек күні Алматыда өтетін бокс кешінде өзбек спортшысы Амаль Хасановпен жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы төбелесті мерзімінен бұрын салмақ өлшеу рәсімінде бастап жіберді деп хабарлайды BNews.kz.

Амаль Хасанов отандасымызды көкірегінен итеріп жібергенде Нұрсұлтан Итанов қарап қалмай, өзбекстандықтың аяғына жармаса кетеді. Қос тараптың промоутерлері мен шараны ұйымдастырушылар әупірімдеп жүріп, спортшыларды ажыратып алады.

«Оның істегені дұрыс болмады, мені итеріп жіберді. Мен де қарап тұрам ба?! Аяғына жармастым. Сыйға – сый, сыраға – бал!», - дейді Нұрсұлтан Итанов.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Итанов пен Амаль Хасанов арасындағы кездесу 24 қыркүйек күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы IBO тұжырымының, Global Boxing Council тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Иса Акбербаев германиялық Майкл Курцвейлмен күш сынасады. Сонымен қатар, бокс кешінде кәсіпқой боксқа жаңа ауысқан қызымыз Фируза Шарипова да сынға түседі.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261692-qazaqstandyq-boksshy-salmaq-olsheu-ras.html