RU

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада үкімет басшысының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалып, еліміздің Бас прокуратурасы аппараты басшысының жаңа орынбасары өз қызметіне кірісті. Мұнан бөлек, Алматы қаласы мен Ақмола облысы әкімдігіне қарасты басқармаларда да кадрлық ауыс-түйіс орын алғаны белгілі болды.

ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге кадрлық тағайындауларға шолу жасайды.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі

Сонымен,  Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы болып Қыдырма Айдос Арғынбайұлы тағайындалды.

Айдос Қыдырма 1976 жылы Алматы облысында туған, "Анкара" университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. БАҚ саласы бойынша Қазақстан президенті сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері. Бұған дейін ол біраз жыл "Қазконтент" акционерлік қоғамын басқарды.

Бас прокуратура Аппараты басшысының орынбасары

Ал Бас прокуратура Аппараты басшысының орынбасары қызметіне Нұрділдә Ораз келді.

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған.

"31 арна" телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған. 2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды.

2011-2015 жылдары - Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры - министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі. 2015 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алуда.

Ақмола облысы жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарманың басшысы

Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен облыстық жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарманың басшысы қызметіне Талғат Қойбағарұлы келді.

Талғат Қойбағарұлы 1967 жылы туған. Мұғалім, заңгер және экономика магистрі біліктілігі бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1989 жылы еңбек пәнінің оқытушысы болып бастады. Бурабай кентінің әкімі, Щучинск қаласының әкімі, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Аршалы, Ерейментау аудандарының әкімі, сондай-ақ, тағайындауға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып Ғанибет Әубәкіров тағайындалды.

Әубәкіров 1982 жылы туған, 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы «Центрпродсервис» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған.  2011 жылы «Болашақ» Қарағанды интеллектуалдық институтында заң мамандығы бойынша білім алған. Тағайындалғанға дейін Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры

Рустам Құсайынов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры қызметіне кірісті.

Оның  еңбек өтілі 20 жылды құрайды, IT-технологиялар саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Түрлі жылдары «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» компаниясында басқарушылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде сарапшылық кеңестің төрағасы болды. «Алтел» АҚ Директорлар кеңесіне кірді. «Бәйтерек» холдингіне шақырылғанға дейін Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261783-qazaqstandaghy-zhanha-kadrlyq-taghayynd-38.html