RU

Иса Ақбербаев германиялық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

Алматыда Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Global Boxing Council нұсқасының үш дүркін әлем чемпионы Иса Ақбербаев германиялық қарсыласы Майк Курцвейлді жекпе-жектің бірінші раундында нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап NUR.KZ.

Германия боксшысы Исаның ауыр соққысына төтеп бере алмай, бірінші раунд аяқталмай жатып жеңіліс тапты.

Жекпе-жектің бірінші раундында-ақ Ақбербаев қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Бірақ бұл жолы орнынан тұрған неміс боксшысы келесі соққыға шыдас бермеді. Ауыр соққыдан әлсіреп қалған Германия бокшысын көрген төреші жекпе-жекті аяқтады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар Әли Ахмедов, Айдар Шәрібаев, Фируза Шәріпова, Берікбай Нұрымбетовтер жеңіске жеткен болатын. Сонымен бірге, жекпе-жектің алдында төбелесуге шақ қалған қазақстандық Нұрсұлтан Итанов пен Өзбекстан боксшысы Амаль Хасановтың шаршы алаңдағы жекпе-жегі отандасымыздың жеңісімен аяқталған еді.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1261974-isa-aqberbaev-germaniyalyq-qarsylasy.html