Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

Опубликовано:

Отандық телеарналардың бірінен көрсетіле бастаған "Өгей жүрек" телехикаясында екі жігітпен бірдей сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны желі қолданушысы сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айгүл Орынбек өз парақшасында актрисаның кинодағы бұл әрекетіне деген наразылығын жасырмай айтты. Оның айтуынша, қазақ қыздары сериалға түскенде төсекке жатудан да арланбайтын халге жеткен.

"Төсекке жатқызып, сүйістіріп түсірмесе біздің қазақтың киносы өтпей қалады ма? Əлде продюссерлердің бəрі озабоченный ауру ма, төсекке тартып тұратын?!", - деп бастады ол жазбасын. Желі қолданушысы Кәмшат "бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйіскенін" айтты.

"Кешелі бері ютубтан "Өгей жүрек" деген сериал көріп жүрмін. Сериалдың идеясы жақсы, бірақ анау басты рөлде ойнаған Кәмшат Жолдыбаева бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйісіп отыр. Оның алдында "Трактористің махаббаты" атты сериалға түскен кезде де солай сүйіскен еді. Жалпы айтпағым, қазақ қыздарының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді. Біздің қыздар сериалға түсеміз деп, төсекке жатуға да намыстанбайтынын жағдайға жетіпті.

Осы корей, үнді сериалдары сүйіспей-ақ, сериалдарын өткізіп отыр ғой. Неге солардан сабақ алмайсыңдар продюссерлер? Əлде сендер ұлттың қыздарын бұзу керек деген бұйрық алып отырсыңдар ма? Дəл осылай кете берсе, ұлттың жойылуы басталады. Өйткені қызы бұзылған ұлттың, өзі де бұзылады!", - деп наразы болды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге салсақ, "Хабар" телеарнасынан "Өгей жүрек" телехикаясы 19-қыркүйектен бастап көрсетіле бастаған. Басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева, Дастан Шәкеров, Азат Сейітметов сынды әртістер сомдайды.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1262054-bir-telekhikayada-eki-zhigitpen-suyiske/

pixel