RU
Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мал сатуға келген ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді деп хабарлайды qamshy.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мал сатумен айналысатын ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын Алматы облысы басшылығы өз бақылауына алды.  Бұл жөнінде басылымның өңірдегі тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтяр Өнербаев айтқан.

"Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмдарды іздестіру жұмысын Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары Нұрлан Мәсімов басқарып, оған аудандық және облыстық тәртіп сақшылары жұмылдырылған болатын. Қазір қылымысқа күдікті екі азамат қамауға алынды. Жоғалған азаматтардың мәйіті табылды. Бұл іс облыс басшылығының жіті назарына алынды, - деп мәлімдеді ол.

Облыс әкімінің орынбасары, сонымен бірге, марқұмдардың туған-туыстарына көмек көрсету үшін аудан әкімдеріне тиісті тапсырма жүктеген.

Атап айту керек, жоғалған ағайындыларды табуға атсалысқан еріктілер болса, ел аман, жұрт тынышта үш бірдей азаматтың жоғалуы қатардағы қылмыс еместігін айтады. Ол адамдарды қандай да бір қылмыстық топ тонау мақсатында ұрлап кетуі мүмкін деген де күдіктері жоқ емес.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысында мал сатуға келген үш бірдей азаматты белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Оларды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталған.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Сіздің реакцияңыз
42
16
1
26
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel