RU

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында 49 жастағы Ерғазы Нұржауов жиырма жылдан бері отандасқан жұбайын өз қолымен өлтірген.

Бұл жантүршігерлік оқиға Сайрам ауданында 2016 жылдың 1 тамызында кешкі сағат 20:30 да орын алды деп хабарлайды ТВК.

Араққа сылқия тойып әйелін жау көрген Нұржауов, келіншегіне жүзі өткір орақты тығып алған. Бұл отбасын бұрыннан танитын жандардың айтуынша, елуге таяған азамат осы уақытқа дейін жарытып жұмыста істемеген.

Қарап жүрмей қылмыс жасап үлгерген ол енді 12 жылын қатаң режимдегі темір торда жазасын өтейтін болады. Қазіргі таңда оның артында 20 жастағы бір баласы қалды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262123-oqo-turghyny-ayeline-oraq-tyghyp-oltirg.html