RU

Атыраулық әйел көңілдесінен айырылмау үшін 5 жасар қызын үйінен қуып жіберді

Атырауда бес жасар қызын әдейі далада қалдырып кеткен әйел ата-аналық құқығынан айырылды.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлайды.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты автотрасса бойында бес жасар қызын қалдырып кеткен әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы Махамбет аудандық білім бөлімінің талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта жауапкер Э.Т.-нің 2016 жылдың мамырында өзінің кішкентай қызын Алмалы селосының маңындағы Атырау-Орал трассасында әдейі қалдырып кеткендігі анықталды. Қызды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар тауып алып, бейімдеу орталығына орналастырды.

Жауапкер өз әрекетін былай түсіндірді: көңілдесі бұрынғы некеде туылған қызына қарсы болғандықтан, қызын трассада қалдырып кеткен екен. Ол сонымен қатар, қазір егіз шаранаға жүкті екенін хабарлады.

Айта кету керек, бұл әйел бұдан бұрын екі үлкен баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылған. Соттың қазіргі шешімімен ол үшінші баласына қатысты да ата-ана құқығынан айырылды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262141-atyraulyq-ayel-konhildesinen-ayyrylm.html