RU

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Қостанай тұрғыны қалаға Елбасы келгенде күн нұрланып кететінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанай тұрғыны бұл мәлімдемесін бірнеше күн бұрын Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында айтты.

«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасының Қостанайға келген күні қалада "Нұрлы күн" мерекесі орнайды. Нұрлы күн - бұл ең нұрлы, ең жарқын күн. Оның әр келгені табиғатты да қуантады. Ауа-райының тамаша болып тұруы кездейсоқ емес. Міне, бүгін де күн шуақты, ашық болып тұр. Тұрғындардың да жаны нұрланып, қуанышты көңіл-күйде", - деді президентке жалынды сөздерін жаудырған келіншек.

Естеріңізге салсақ, жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, жұртшылықпен жүздесіп қайтқан болатын. Сондай-ақ, ол электрокарға отырып, оны сынап та көрген еді.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262197-qostanay-turghyny-elbasy-kelgende-kun.html