RU

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Шымкентте адам өлтірді деп айыпталған жігіт ақталып шықты деп хабарлайды TVK арнасы.

2015 жылдың 22 наурызында, мереке қарсаңында спорттық ойыннан сынға түскен бірнеше жігіт өзара ерегісіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Соңында біріне бірі сес көрсеткен жігіттер қару қолданып, төбелестің арты қантөгіске әкеледі. Сабыржан Есетханұлы мен оның сыбайластарына үш адамды жаралап, бір адамды өлтірді деген айып тағылады. Ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топты Кадиров есімді азамат ұйымдастырған. Оған сот 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Ал оның сыбайласы Сабыржан алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысы кезінде ақталып шықты. Оған тек 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот Сабыржанды ақтап шыққанымен, айыптаушы тарап бұл шешіммен келіспей отыр. Олардың айтуынша, қылмыскер әділ жазасын алуы тиіс. Олар сот залында шу шығарып, соттың шешімі әділ еместігін алға тартты.

Үш жігітті жаралап, бірін өлтіріп кеткен үш жігіттің бірі іздестірілу үстінде.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262226-shymkenttik-sot-adam-oltirgen-zhigitti.html