Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Оңтүстікқазақстандық полицейлер 15 жастағы Айда Абдусаматоваға іздеу салды деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Полицейлерге оның 22 жастағы туған әпкесі арызданып келген. Апалы-сіңлі екі қыз облыс орталығына Сарыағаш ауданынан базар аралау мақсатында келіпті.

Әпкесінің айтуынша, 13 қыркүйек күні 15 жастағы сіңлісін ертіп ол Шымкенттегі «Алаш» базарына келген. Кешкі бес жарымдар шамасында Айда белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмапты.

Қазіргі таңда оңтүстікқазақстадық полицейлер қаланың барлық аумағын іздеп жатыр. Алайда, нәтижесіз.

Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, шашы – қара, көзі – қара түсті. Қоңыр-сары түсті кеудеше, қара түсті спорттық шалбар, жазғы аяқ киім киген.

Ерекше белгілер: Ішінің оң жақ төменгі тұсында отадан қалған (аппендицит) тыртығы бар.

Жоғалған 2001 ж.т. Абдусаматова Айда Даниярқызының жүрген жері туралы қандай-да бір ақпарат білетіндер болса полицейге хабарлауын сұрайды. Тел.: 102 немесе 8-771-883-30-13.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1262343-shymkentte-15-zhasar-qyz-zhoghalyp-ketti-fo/

pixel