RU

Танымал айтыскер ақын отбасын құрды (фото)

Айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы шаңырақ көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ақын өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

Бұған дейін көптеген жиындарда, айтыстарды ақынның жасы келсе де, әлі де шаңырақ көтермей жүргені көп әңгіме болатын. Сөз жарыстарда оны тіпті сүрбойдақ деп атап, әжуаға айналдырған кездер аз болған жоқ. Енді, міне, ел көптен күткен оқиғаға да куә болып отыр.

Танымал ақын таяу күндері қолына ақ құсын қондырып, ата-анасына келін "тарту" етті. Ол бұған дейін өзінің таңдауы түскен қызды жұртқа таныстырып, әлеуметтік желіге суретін салып қойған.

"Салмаушы ем қыздың суретін,

Көз салмасын деп кімде-кім.

Қазбауыр бұлттай қайтейін,

Жасыра беріп күн бетін.

..P.S.Суретте емес жүректе

Өзіңе деген құрметім", - деп өлеңдеткен ақынның қалыңдығын көпшілік қауым сол кезде алғаш рет  көрді.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, балалы-шағалы болуды тіледі. Олар ақынның қалыңдығының сұлулығына тамсанып, ақ тілектерін жаудырды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262361-tanymal-aytysker-aqyn-otbasyn-qurdy-f.html