RU

Алматыда құны 80 млн теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Индустрияландыру картасы аясында Алматының Медеу ауданында аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік Instagram-дағы парақшасында.

«Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында Медеу ауданында құны 80 млн теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын жаңғыртылып, іске қосылды. Өнеркәсіп арнаулы белгіленген әлеуетті құрылымдар: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК шекаралық қызметкерлері, ҚР Ұлттық гвардия және тау-кен және мұнай салаларының мамандары үшін аяқ киім шығарады және сатады», - делінген хабарламада.

Фабриканы жаңғыртылуы жылына 350 мыңнан 700 мыңға дейін жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорында 230 адам жұмыс істейді, оның ішінде 30 жұмыс орны жаңа өндіріс желісін қосудың арқасында құрылған.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262386-almatyda-quny-80-mln-tenhgeni-quraytyn-aya.html