RU

Жылқыдан қашпақ болған жүк көлігі автобусқа соқтығысып, 12 адам тіл тартпай кетті

Қытайда жылқы малымен байланысты болған жол-көлік оқиғасы кезінде 12 адам мерт болды, деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Жүк көлігі мен автобус соғысып, 12 адам мерт болды, 28 адам дене жарақаттарын алды. Бұл туралы жексенбі, 25 қыркүйек күні The China Morning Post хабарлаған.

Қайғылы оқиға Якеши қаласында болған. Жолда келе жатқан жүк көлігінің алдынан жылқы шыға келген. Малдан қашпақ болып, жолдың қарсы жолағына шыққан көлік автобусқа соғылған.

Мерт болған азаматтардың барлығы автобустың жолаушылары. Тағы 5 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді және олардың жағдайлары да мүшкіл.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады

Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады

Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео)

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді

ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262430-zhylqydan-qashpaq-bolghan-zhuk-koligi-avt.html