RU

Сұмдық апаттар болған оңтүстіктің жолдарын Ішкі Істер министрлігінің өзі қатаң бақылауға алды

Оңтүстік Қазақстанда бір аптада болған 3 жол апатына қатысты тергеу барысын Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ондағы арнайы комиссия 4 күн ішінде «Ташкент-Термез» күре жолындағы 12 адамның өмірін қиған оқыс оқиғалар бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ал қауіпсіздікті күшейткен күнгейдің полицейлері әр көлікті тоқтатып, ескерту жасап әлек.

«Ташкент –Термез» күре жолындағы айналдырған 20 шақырымдық бөлігінде 4 күн ішінде 12 адамның өмірі қиылды. 19 қыркүйек күні мұнда 20 шақты жолаушыны әкеле жатқан шағын автобус алдындағы көліктен озбақ болғанда қарсы беттегі «Тойотамен» соқтығысқан. 6 адам қаза тауып, 16-сы әлі ауруханада жатыр. Тағы екі күннен кейін Фольксваген жеңіл машинасы Өзбекстаннан жұмысшыларды әкеле жатқан «Киа» шағын автобусымен соқтығысып, екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен болатын. Біреуінің тіпті басы жұлынған.

Ал күні кеше ғана мұнда өзінің үйлену тойына асығып келе жатқан жігіт «Мерседесімен» жол жиегінде тұрған «Газельге» соғылды. 25 жастағы күйеу жігіт пен оның қос қарындасы және досы сол жерде тіл тартпай кетті. Төртеуі де жер қойнына тапсырылды.

Осы жол апаттары бойынша тексеруді қолға алған министрлік оңтүстіктегі бірқатар шенділерді жазалауға бел буып отырған сыңайлы.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262437-sumdyq-apattar-bolghan-onhtustiktinh-zho.html