RU

Құлдықта болған қарағандылық азамат басынан өткен жантүршігерлік жағдайды баяндады

Қарағандыда "құлдықтан қашып құтылған" ер адам басынан өткерген жантүршігерлік жайттарды баяндап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыдағы "Проспект" сауда үйінің маңайында қайыр сұрап жүрген азаматты тілшілердің бірі байқап қалып, одан мән-жайды сұрастырады. Елжас Ешмаханов өткен-кеткеннен кішігірім ақша немесе тағам сатып алып беруді өтініп жүрген. Азаматтың айтуынша, ол соңғы айларын Қарқаралы кеңшарларының бірінде құлдықта өткізуге мәжбүр болыпты.

Үй-күйсіз жүрсем де, өзімді таза ұстауға тырысамын

Құлдықтан әзер қашып құтылған ол өзінің қаңғыбас екеніне еш ұялмайтынын алға тартты. "Үй-күйсіз жүрсем де, өзімді таза ұстауға тырысамын", - дейді Елжас.

Ешмаханов 34 жыл бұрын Шахтинск қаласында дүниеге келген. Туған жерінде телефоншы болып қызмет еткен Елжастың махаббатта жолы болмайды. Сүйіктісімен айырылсқаннан кейін көше кезіп кеткен азамат өткен өмірін еске алды.

Бүйрегім мен өкпемді кесіп алды

"Көп ішетін болдым, қаңғыбас атандым. Орталық зиратта күнелтіп жүргенімде, белгісіз біреулер тап берді. Бүйрегім мен өкпемді кесіп алды. Кейін жағдайым тіптен нашарлап кеткесін, өткен-кеткеннен күнделікті нанымды тауып жеу үшін жұмыс сұрауға мәжбүр болдым. Осылайша, алғаш рет құлдыққа тап болдым", - дейді Елжас.

Ер адамның сөзіне сенсек, ол үш жерде құлдықта болған: Алматы облысы мен Қарағанды облысындағы кеңшарларда барлық қара жұмысты атқарып келеді.

"Күніне екі шыны сорпа ғана беретін. Кетіп қалмақ болсам, соққыға жығатын. Барлық құлдарды бірдей киіндіріп отырды. Біреуі қашып бара жатқанын байқап қалса, жазалайтын", - дейді Елжас.

Қашып кетпес үшін кейбірінің аяқтарын шынжырлап тастайтын

Азамат құлдықтан көк тиын таппағанын алға тартты.

"Бір теңге де бермеді: тек баспана мен тағам ғана болды. Бастапқыда күніне темекі мен бір шөлмек арақпен алдайтын. Кейін ол да болмай қалды. Күнде соққыға жығып, демалуға, жуынуға мұрша бермейтін. Қашып кетпес үшін кейбірінің аяқтарын шынжырлап тастайтын, Аллаға шүкір маған олай істемеді", - дейді Елжас.

Ешмаханов қаңғыбас болғандықтан, суыққа төзу үшін ішімдікке салынып кеткенін мойындайды. Алайда ел қатарлы жұмыс істеп, дұрыс өмір сүргісі келетінін айтуда. Шахтинскіде туыстары бар болғанымен, олармен қарым-қатынасы үзілгенін алға тартқан Елжас, тіпті полицейлерге жүгінгісі келмейтін көрінеді. Олардан еш көмек болмайды деп санайтын ол бүгінде Үй-күйсіздерді адаптациялау орталығынан көмек алатын болды.

Ксения Безкоровайнаяның материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262558-qaraghandyda-quldyqtan-qashyp-qutylgha.html