RU

Динара Сәтжан Делиде денсаулығын тексертіп жүр (видео)

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Үндістанның Дели қаласына барып, денсаулығын тексеруден өткізіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің желідегі парақшасына Үндістанда жүрген жерінен оқырмандарына видео жүктеді. Ол онда тек демалып қайту үшін ғана емес, сонымен бірге "Фортис Мемориал Ресерч Институтына" барып ағзасын толықтай тексертуден өткізіп жатыр.

Мұны көрген желі қолданушылары тележүргізушіден Үндістандағы медицина туралы сұрай бастады. Сонымен бірге, олар тележүргізушінің жанында Баян Есентаеваның болуы мүмкін екенін де айтты. 

"Баян сізбен бірге ме?", "Баян үшін дұға оқып жүрмін", "Баян жаныңызда ма?", - деп сұрады олар.

Олар оның бұл сапарына қызығушылық танытып, неліктен оның үнді медицинасына жүгінгенін сұрады. Сондай-ақ, олар тележүргізушіге сәт-сапар тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262571-dinara-satzhan-delide-densaulyghyn-tek.html