RU

Көлігінен 500 мың доллар тауып алған жүргізуші иесін іздеп жүріп ақшаны қайтарып берді

Біріккен Араб Әмірлігіндегі Шарджа қаласында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін пәкістандық Насрелла Шер көлікте 1,7 миллион дирхам (500 мың АҚШ доллары) ақша салынған сөмкені ұмыт қалдырған иесіне қайтарып берді.

Бұл турлы Muslim.kz хабарлайды.

Насрелла көліктегі бөтен сөмкені Шаржы әуежайынан оңтүстіккореялық кәсіпкерді Дубайға жеткізіп салғаннан кейін байқаған. Артынша дереу полицияға хабарлап, иесін табуға жол іздейді.

«Мен бұл әрекетіме еш өкінбеймін. Себебі, мен өз міндетімді атқардым. Шын мұсылман әрқашан адал болуы керек және ізгі амал жасауы керек», – дейді Насрелла Шер Дола.

Ал, адамгершіліктен айнымаған такси жүргізушісі Шаржы Көлік және жол басқармасы тарапынан арнайы алғыс хатымен және 3 мың дирхам қаржылай сыйақымен марапатталды. Бұл қаражаттың 1 мың дирхамын такси жолаушысы, 2 мыңын басқарма тағайындаған.

Еске сала кетсек, өткен жылы әмірлікте такси жүргізуші ирандық азамат та көлікте қалған 13 мың долларды иесіне қайтарып берген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген

АҚШ түрмесінде үш жыл отырған Тәжаяқовтың қазіргі өмірі

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды (видео)

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262754-koliginen-500-mynh-dollar-tauyp-alghan-zhur.html