RU

Сәкен Майғазиев Ninety One тобы жігіттерінің талантына таңдай қақты

Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында Ninety One тобына қатысты өз пікірін бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, аталған топтың өкілдерін ол бұрыннан таниды.

«Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұңдап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті", - дейді ол.

"Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Жігіттердің өздерімен кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын. Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде «өзім білемдікке» итермелемеңдер дедім", - деген ол жігіттердің қазақылығына күмән келтірген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген

АҚШ түрмесінде үш жыл отырған Тәжаяқовтың қазіргі өмірі

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды (видео)

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262875-saken-mayghaziev-ninety-one-tobynynh-zhigitteri.html