RU

Бір-бірімен түйдей құрдас отандық және ресейлік жұлдыздар

Шоу-бизнес ондағы әрбір адамнан бірегейлікті талап етеді. Әр жұлдызды бір-бірінен айрықшалап тұратын да сол бірегейлілік. Дегенмен, жұлдыздардың өзара ұқсастықтары  жұртты қызықтырмай қоймайды. Comode.kz порталы назарларыңызға түйдей құрдас отандық және Ресей әншілерін ұсынады.

Карина Абдуллина мен Анастасия Волочкова

40 жаста

Екі танымал жұлдыздың да жасы 40-та. Сіз қайсысын таңдар едіңіз: Каринаның табиғи сұлулығын ба әлде Анастасияның жапсырылған кірпіктерін әдемі санайсыз ба?

Әли Оқапов пен Никита Пресняков

25 жаста

Бұл екі жас әнші де түйдей құрдас. Қос әншінің ұқсас жерлері көп. Олар атақты ата-анасының емес, өз күшінің арқасында шығып жүргенін күнделікті дәлелдеуге тырысады.

Нағима Есқалиева мен Лайма Вайкуле

62 жаста

Бірнеше ұрпақ алмасса да, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие қос әншіні 62 жаста деп ешкім айтпасы анық. Олардың бойындағы күш-қуаты мен сұлулығына бойжеткендердің өздері қызыға қарайды.

Баян Есентаева мен Натали

42 жаста

Қыпша белдері бұралған қос жұлдыз ешқашан қартаймайтын тәрізді. Жасына жас қосылған сайын олар әдеміленіп кетеді. Табысқа жетулерінің құпиясы да сонда жатқан шығар.

Әсел Сағатова мен Бьянка

31 жаста

Үнемі жасанды кірпіктер мен қою қызыл далап жағып жүретін Бьянка мен Әселдің қайсысы жас көрінеді? Көрермендері әлі 19 жастағы бойжеткенге ұқсататын актриса Әсел бүгінде ана атанғаны белгілі. Бір жылы туған құрдастардың басқа ортақ ұқсастықтары қандай?

Жан Байжанбаев мен Никита Джигурда

55 жаста

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де үнемі жас көрінетін актер Жан Байжанбаев ресейлік әртіс Никита Джигурдамен бір жылы дүниеге келген. Байжанбаев бүгінде ата атанған. Бірақ оған қарап, жас қыздар ғашық болатын сері жігітті көруге болады.

Венера Нигматулина мен Тамара Гвердцители

54 жаста

Дарынын бүкіл халық мойындаған қос актриса да бір жылы өмірге келген. Олардың балалары баяғыда-ақ бір-бір үшаңырақтың иесі атанған. Венераның немересі Альрамидің өзі 16 жаста.

Айгүл Иманбаева мен Елена Ваенга 

39 жаста

Қазақтың дарынды актрисасы Айгүлдің 39 жаста екенін білесіз бе? Иә, ол ресей әншісі Елена Ваенганың құрдасы.

Кәрім Мұтырғанов пен Аркадий Укупник

63 жаста

Еліміздің басты клоуны Кәрім Мұтырғановты еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Ресей әншісі Аркадий Укупник те бірнеше ұрпақтың сүйікті әншісі. Екеуін халықтың сүйіспеншілігі ғана емес, туған жылдары да байланыстырады.  Пайғамбар жасы - 63 жасқа келген қос әртістер әлі де сәнді кештерде бой көрсетіп жүр.

Ділназ Ахмадиева мен Слава

35 жаста

Ділназ Ахмадиева мен Слава зор дауыстарымен ерекшеленеді. Ал екеуі дуэт болып ән шырқаса, шын мәнінде, үлкен артықшылық болады.

Айгүл  Мүкей мен Тина Канделаки

41 жаста

Журналист, кәсіпкер және үлгілі ана Айгүл өзінің асқан дүниетанымымен белгілі. Ал Тинаның дүниетанымы әлбетте одан қалысып тұрған жоқ. Журналистік кәсібилігі мен жоғары біліктілігі, табиғи дарыны олар туған жылға да байланысты болар, бәлкім.

Нұрлан Абдуллин мен Сосо Павлиашвили

52 жаста

1964 жылы Қазақстанда Нұрлан Абдуллин дүниеге келсе, сол жылы Грузияда Сосо Павлиашвили де өмірге келген болатын. Бір дәуірдің "қарлығаштары" айрықша дауысқа ие атақты әртістерге айналды.

Мәдина Сәдуақасова мен Альбина Джанабаева

37 жаста

Қазақтың ерке әншісі Мәдинаның 37 жаста екеніне біреу сенсе, біреу сенбес. Бүгінде бір баланың анасы атанған Мәдина аяулы жар және үлгілі келін атанған. Оның ресейлік әріптесі, "ВиаГРА" тобының экс-мүшесі Альбина да дәл Мәдина секілді ана атанған. Түбі қазақ Альбина мен Мәдина бір жылы туған.

Гүлнәр Дусматова мен Ирина Безрукова

51 жаста

Мөлдіркөз Гүлнәр Дусматованың сұлулығы кезінде көптеген көрермендерді таңдай қақтырған болатын. Ал актрисаның бүгінгі келбеті оның жасына сай ма? Актрисаның ресейлік құрдасы Ирина Безрукова да 51 жаста.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкенттік сот адам өлтірген жігітті ақтап шықты (видео)

Қостанай тұрғыны: Елбасы келгенде күн нұрланып кетеді (видео)

Алматы тас жолында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті

Қарағандыда жалақысы жоғары жұмыс іздеген қыз жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1262979-bir-birimen-tuydey-qurdas-otandyq-zhan.html