RU

Науқастарды балағаттаумен аты шыққан шымкенттік дәрігер құрметті азамат атанды

Шымкентте қабылдауына келген науқас пен туыстарын балағаттап жіберген облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаев қаланың Құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мұндай атақты Егізбаев мырзаға қала күнін тойлауға арналған салтанатты шара барысында анау-мынау емес, шаһар басшысының өзі табыс етті. Шымкентке еңбегі сіңіп, Құрметті азамат атанғандардың қатарында журналист Әнуарбек Бейсе мен қызының ұзатылу тойында ресейлік әнші Нюшаны шақырып, қазақша ән салдырған кәсіпкер әрі депутат Қайрат Балабиев те бар.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың наурыз айында бас дәрігердің кабинетінде науқас пен оның туыстарын қабылдау барысындағы жасырын түсірілген видео ғаламторда тарап кеткен болатын.

Онда ақ халатты азамат "Маған ақыл айтпа!.." деп, тіпті балағат сөздер айтқан. Өкінішке орай, көмек сұрап келген науқас осыдан кейін қайтыс болды. Ал Егізбаев қызметінен қуылған жоқ. Тіпті ол биыл өткен сайлауда сүрінбей, қайтадан облыстық мәслихаттың депутаты атанды.

Тағы оқыңыздар:

Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген

АҚШ түрмесінде үш жыл отырған Тәжаяқовтың қазіргі өмірі

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды (видео)

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263151-shymkentte-nauqastardy-balaghattaumen.html