RU

Шенеунік: Бюджет ақшасын шашқандарды сапалақпен ұрып, басын жұлып алу керек

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жолдар мен суағарлар туралы баяндама жасап, депуттаттардан сөз естіді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Жолдың жыры неге бітпейді? Халықтың жол жөндеу жұмыстарына деген наразылығы жиі айтылады. Жылда бір көшенің жолына ақша сұралады. Неге сапалы жөндеу жұмысына көңіл бөлінбейді?», - деген сауалға қала әкімі өзінің бұл қызметке келгеніне небары 2 ай болғанын айтып құтылды.

Қаладағы жол мәселесі облыстық мәслихат отырысының бас тақырыбына айналып, бюджет ақшасы саналды. Бірін бірі тыңдамай шулаған отырысқа қатысушылар жаңа әкімге қалай жұмыс істеу керектігін үйретті.

«Ең бастысы ақша бөлініп жатыр. Сапасыз жұмыста жауапты маманды тұрғызу керек. Тапсырылған жұмыс орындалмаса басын жұлып алу керек. Қалай бюджеттің ақшасына жауапсыз қарауға болады?», - деді қоғамдық кеңес мүшесі Ізімғали Көбенов.

Ардагер дәрігер әкімге іш киімдердің жарнамасын ілген қоғамдық көліктердегі мәдениетті орнатуды талап етті.

«Мысалға №26 автобусты алайық, ішінде жарнаманың көкесі бар. Біз ақша төлегенде оны оқу үшін барамыз ба? Автобусты жарнаманың орнына айналдырмау керек. Әрбір орындықта сауна мен іш киімнің жарнамасы тұрады. Оны кім оқиды? Қала әкімі соған жауапт. Ондайлардың басын жұлып алу керек. Бюджеттің ақшасын жұмсай алмағандарды сапалақпен сабау керек», - дейді Көбенов.

Тағы оқыңыздар:

Семей тұрғыны ақша бермеген анасын аяусыз ұрып өлтірді

Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген

АҚШ түрмесінде үш жыл отырған Тәжаяқовтың қазіргі өмірі

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды (видео)

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263221-sheneunik-byudzhet-aqshasyn-shashqandardy.html