RU

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы 30 тамызда орын алған деп жазады today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

18 жастағы Айдана Көпбосынова Land Rover Discovery автокөлігімен 28 жастағы Миржан Қасымғалиев деген азаматты соққан. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Зардап шегушінің әпкесі Мерей Ескендірованың айтуынша, Миржан Қасымғалиев әлі ауруханада жатыр. Жігіттің бас сүйегі жараланып, миына зақым келген. Миржан Қасымғалиевтың отбасы бұл істі сотқа дейін жеткізіп, жол апатына кінәлі жақты жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

"Заң алдында жауап бергенін қалаймыз, бастысы, тергеушілер істі соңына дейін жеткізсе дейміз. Біз осы жайлы алаңдап отырмыз. Жол-көлік оқиғасының жалғыз куәгері екі апта бойы байланысқа шықпай кетті. Телефонға жауап бермейді, бұл да алаңдататын жағдай", - дейді Ескендірова.

Өз кезегінде, Айнұр Тұрсынбаева зардап шеккен жігіттің жанұясы олардан ірі көлемдегі ақшалай компенсация сұрап отырғанын жеткізді. Ақылы палатаға ауыстыру, күтуші жалдау сияқты көмегінен бас тартқан екен.

Тағы оқыңыздар:

Мамандар кезекті қаржы дағдарысының жақындағанын айтып дабыл қақты

Шенеунік: Бюджет ақшасын шашқандарды сапалақпен ұрып, басын жұлып алу керек

Науқастарды балағаттаумен аты шыққан шымкенттік дәрігер құрметті азамат атанды

Дубайдағы "мұнай патшаларының" балалары қалай өмір сүреді?

Бір-бірімен түйдей құрдас отандық және ресейлік жұлдыздар

Танымал актер Қарағанды әуежайындағы әжетханаларды көріп қайран қалды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263494-aytysker-aqyn-aynur-tursynbaevanynh-q.html