RU

Өзбекстан қандай да бір әскери ұйымдарға қосылмайтынын кесіп айтты

Өзбекстан "кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау" сыртқы саясатын өзгертпейді.

Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов  БҰҰ Бас Ассамблеясында мәлімдеді, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

centralasian.org-тың жазуынша, "Өзбекстан сыртқы саясатын өзгертпейді. Өзбекстан кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау жолымен жүре береді, сондай-ақ ел аумағында басқа мемлекеттердің әскери базалары мен нысандарын орналастырмайды", - деді Камилов.

Өзбекстан СІМ басшысының хабарлауынша, республика халықаралық келісімдер мен екі немесе көп жақсы келісімдердегі міндеттерін орындай береді.

"Өзбекстан президенті БҰҰ трибунасынан тала мәрте сөз сөйледі, оның бастамаларын әлемдік қауымдастық қолдап келді", - деді республиканың сыртқы істер министрі.

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі ұсқынсыз болғаны үшін үйінен қуып шықты

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас келіншек қайтыс болды

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Қарағандыда жоғалған бойжеткен алты күн бойы үйіне баруға қорыққан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263571-ozbekstan-qanday-da-bir-askeri-uyymda.html