RU

Айбек Нұғымаров тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында жалауын желбіреткен белдесу бәсекесі аяқталды. Үш күн бойы қазақ күресінің атын шартарапқа паш еткен білектілер сайысы тартысқа толы болып, алтыншы әлем чемпионатында жаңа есімдер шықты.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

60 және 70 келі салмақта ағайынды Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар топ жарып, әлем чемпионы атанды.

80 келінің финалында қазақстандық Дәулет Фахридинов эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, алтын медальды мойнына тақты. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбек жеңіске жетті. Финалда ол өзбекстандық Шухриджан Арслановтан айласын асырды.

Ауыр салмақта Айбек Нұғымаров қарсыластарын түгел ұтып, қазақ күресінен шыққан тұңғыш төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Шығысқазақстандық балуан финалда грузин Левани Матиашвилидің осал тұсын тапты.

Тартысқа толы қызықты белдесулер түйе балуандар сайысында өтті. Бұл салмақта ел намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов үшінші орынға табан тіресе, Айбек Нұғымаров іріктеу белдесуінде ұтылып қалды. Финалда грузиялық Гурам Тушишвили белорус Александр Вахавиактан басым түсіп, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі ұсқынсыз болғаны үшін үйінен қуып шықты

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас келіншек қайтыс болды

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Қарағандыда жоғалған бойжеткен алты күн бойы үйіне баруға қорыққан

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263589-aybek-nughymarov-tunhghysh-ret-tort-durki.html